» Материалы за Май 2016 года

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Галерея

Автор: admin от 15-05-2016, 10:13, посмотрело: 2474

33
Галерея
Галерея
Галерея
Галерея
Галерея
Галерея
Галерея
Галерея
Галерея
Галерея
Галерея
Галерея

Категория: Галерея

 

мектеп

Автор: admin от 15-05-2016, 10:04, посмотрело: 541

2
мектеп

Категория: Мектеп

 

Мұғалімдер

Автор: admin от 15-05-2016, 10:01, посмотрело: 610

20
Мұғалімдер

Категория: Мұғалімдер

 

Мұғалімдер

Автор: admin от 15-05-2016, 09:54, посмотрело: 450

5

Категория: Мұғалімдер

 

Мектеп дәстүрі

Автор: admin от 15-05-2016, 09:52, посмотрело: 562

5

Жаңа жыл мерекесі

Мектеп дәстүрі



 

 

 

Категория: Мектеп дәстүрі

 

Мектеп дәстүрі

Автор: admin от 15-05-2016, 09:51, посмотрело: 519

3

Жаңа  жыл мерекесі

Мектеп дәстүрі

Категория: Мектеп дәстүрі

 

Мектеп дәстүрі

Автор: admin от 15-05-2016, 09:49, посмотрело: 584

4

Наурыз мерекесі

Мектеп дәстүрі
[center]

Категория: Мектеп дәстүрі

 
 

ата-аналарға

Автор: admin от 15-05-2016, 09:41, посмотрело: 534

5

Категория: Ата-аналарға

 

ата-аналарға

Автор: admin от 15-05-2016, 09:39, посмотрело: 693

1

Ата-ананың міндеті:


1. Балаңыздың сынып жетекшісімен тығыз байланыста болуы;
2. Сабақтан келген балаңың күнделікті күнделігін тексеріп, көмек көрсету;
3. Мектепішілік ата-аналар жиналысына қатысу;
4. Сыныптың ата-аналар комитетінің төрайымымен байланыста болу;
5. Балаңыздың мектептегі жағдайын жасау барысында өз еркінізбең оқу-тәрбие іс-шараларына қаржылық көмек көрсету;
6. Мектептегі ашық есік күні балаңыздың сабағына қатысу;
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс неғұрлым тиімді болуы үшін олармен байланыстың әрқилы түрлерін қолдану қажет. Кейбір сынып жетекшілері тоқсанның аяғында үлгерім қорытындылары туралы ата-аналар жиналыстарын өткізуімен және оқуға үлгермеуші немесе тәртіпсіз балалардың ата-аналарын барлық уақытта бірдей келісіп әрекет жасамауы мүмкін. Бұдан басқа сыныпта, мектепте болатын кез-келген жұмыстарға мектепішілік іс-шараларға, сынып жетекшілердің ең бірінші қолдап, демеу көрсететін-сынып оқушыларының ата-аналары. Осыған байланысты сынып жетекші ең бірінші сынып ата-аналар төрайымымен және сынып ата-аналарымен тығыз байланыста болуы керек. Кез келген мәселенің жауабы ата-аналармен шешімін табуға тиісті. Осы жоспарды барлық сынып жетекшілері бұл мәселені бірлесіп дұрыс жолға қоя білсе, көптеген жұмыстарымыздан жеңілдіктер байқалар еді. Осыған байланысты көптеген ата-аналар сынып жетекшінің ай сайын өткізетін ата-аналар жиналысына келмей де жатады, оқушыныңыздың ата-анасымен қалай байланыс жасау керектігі жайлы шешілетін көптеген жолдары бар.


ата-анамен оқушы арасындағы қарым-қатынас

 
 
Жас жеткіншектерді тәрбиелеу ісінде мектеп пен отбасы арасындағы байланысқа үнемі көңіл бөлінуі тиіс.
Әрбір жиналысты өткізер алдында әрбір баланың ата- анасымен кездескен дұрыс. Ата- аналармен жұмыс жүргізудің негізі – алдын ала жоспарлау, алға мақсат қою, оны қалайда орындау.
1. Оқушының ата- анасымен, жанұя жағдайымен толық танысу үшін арнайы үйлеріне бару.
2. Ата- аналарды хат арқылы мектепке шақыру.
3. Сынып оқушыларымен бірігіп жиналыс ашу; ата- аналар комитетінің есебін тыңдау, бағыт беру.
4. Ата- аналарға педагогикалық тақырыптардағы әңгіме, баяндамалар оқып, түрлі басылымдардан, әдебиеттерден қажетті ұсыныстар мен пікірлер оқуды тапсыру.
5. Белсенді ата- аналарды бсашылыққа алу, үлгі- өнеге ету.
Осындай түрлі жұмыстар жүргізу – менің әр күнгі төл ісім болып саналады. Үйіне барып байланыс жасаған кезде сол оқушының мінез- құлқын, бейімділігін, сынып ішіндегі оқушылармен қарым-қатынасын, қоғамдық жүктемені орындауын айта келіп, сол жанұяға тән қажетті нәрселерді ескеріп отырамын. Мұндай байланыс сынып жетекшісінің жұмысына жеңілдік келтіреді, тезірек орындалуына себебін тигізеді.
Қазақстан Республикасының егеменді ел болуы жас ұрпақтың жан- жақты дамуын, дүние жүзілік алдыңғы қатардағы ақыл –ой мен тәжірибені өскелең өмір талабына жеткізуін, халқымыздың көп жылдар бойы тұншығып келген тілін, мәдениетін, тәлім- тәрбиесін жанартуды талап етеді. Бүгінгі таңда білімнің мемлекеттік стандартына сәйкес республика мектептерінде білім беру мен тәрбиенің мазмұнын түбегейлі жанарту қажеттілігі туындауда.Оның басты себебі республика өзінің тәуелсіздігіне ие болған жағдайда экономикалық, экологиялық, этномәдени ерекшеліктерін ескере отырып, жастарды оқыту мен тәрбиелеу ісін қайта құрудың аса қажеттілігі пайда болды.
Сондықтан жалпы білім беретін мекемелерде оқушыны тұлға етіп жан- жақты тәрбиелеу мақсатында ҚР-ның білім беру мекемелерінің 2006-2011 жылдарға арналған тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасы қолға алынды. Бұл заңды Білім және ғылым министірлігі ұсынып, оқушыларға БҰҰ-ның құқығы, ҚР-ның «Білім туралы» заңын, «ҚР-дағы бала құқығы туралы»,
«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» заңдарын үйретіп, кеңінен насихаттау көзделген.Адамдар тұлға болып, өзіндік жеке бас ерекшелігімен бірден дүниеге келмейді. Әрбір жеке тұлғаның қалыптастыру, тәрбиелеп жетілдіру қажет. Жеке тұлғаның ерекшелігі- ол оның өзіне тән мінез- құлқындағы, іс- әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен дараланады.
Тәрбиеленуші өзіне керекті рухани дүниенің барлығын қоршаған ортадан алады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Жастартәрбиесі- басты мақсат.Ұстаз бір елдің болашағы үшін жасайтын киелі мамандық иесі. Оның парасатты жүріс –тұрысы, сөйлеу мәдениеті, ішкі жан дүниесі, киім киісі- бәрі баланың назарынан тыс қалмайды» деген. Ендеше сол бір жеке тұлғаны тәрбиелеу үшін де соны тәрбие жинақталып, белгілі бір жұмыс жүйесі қалыптасу керек. «Аамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім –ол адамзаттың қас жауы, ол келешекте адам өміріне апат әкеледі» деген болатын ұлы бабамыз Әбунасыр әл Фараби. Сапалы білім алмайтын, тәрбие қонбайтын адам жоқ. Бірақ сол адамды адам етіп тәрбиелеу кімнің қолында деген сұрақтарға жауап берудің өзі ойландырады. Бала тәрбиесінде отбасының рөлі көп жағдайда жаңа әлеуметтік-экономикалық қатынастармен анықталады. Ол ата-аналар мен мектептің және қоғамның арасындағы нарықтық еңбек қатынасы жағдайында қалыптасады. Нарықтық қарым-қатынас ата- аналардың отбасындағы бала тәрбиесіне деген жауапкершілік сезімін біртабан бәсеңдеткені байқалады. Соңғы кездері мектеп пен ата- аналардың байланысы да күрт төмендеп кетті. Олай дейтінім отбасында берілген тәрбие мен мектептегі берілген тәрбиенің арасында байланыс жоқ сияқты. Яғни бала, мектеп, ата-ана арасында байланыс жоқ деген сөз.Бала –біздің болашағымыз, өзімізді жалғастырар ұрпағымыз. Ендеше бала тәрбиесіне ерекше мән беріп, ата- ана, мектеп, қоғам ынтымақтастығын ойласқанымыз жөн. «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» демекші балаға отбасы тәрбиесінің әр әсері мол. Қазіргі жас балғын бала- ертеңгі күні еліміздің саналы азаматы. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес жалпы адамзаттық қадір-қасиеттердің мән- маңызын түсінетін жаны да, тәні де таза білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз»дейді.Ендеше бала тәрбиесіне отбасы, мектеп, оның араласатын ортасы әсерін тигізбек. Жалпы бала тәрбиесі назардан тыс түспейтін ең маңызды да өзекті мәселе.Баланың бойындағы жағымсыз жат әрекеттер байқалғаннан ақ ата-ана, мектеп тыйым салып, дұрыс жолға бағыттау олардың бойына адамгершілік, кішілік, әдептілік,ізгілік қасиеттерін дарыту керек. Мектеп қабырғасында оқушы 6 сағат сабақ оқып, 2 сағат үйірмеге қатысатын болса, қалған 16 сағаты үйінде, болмаса ат-ананың тәрбиесінде деген сөз.Сол16 сағатта өз баласына ақыл айтып, мағаналы әңгіме, сабағына қарап, оң тәрбие беретін ата-аналарымыз азайып бара жатыр. Бұл сөзімді дәлелдеп өтейін. Мұғалімнің жайы белгілі. Саяси науқан, көше тазалау, тағы тағылары мұғалімнің мойнында. Сол жаңағы айтқан баланы түнде көше аралап үйіне тарату да сол мұғалімнің мойнында.Неге?Өйткені ол балаға мұғалім не сынып жетекшісі жауап беруі керек. Ал сол баланы дүниеге әкеліп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмаймын дейтін ата-аналарымыз қайда? Жүсіпбек Аймауытов 1918 жылы өзінің «Абай» журналына жарияланған «Тәрбие» атты мақаласында былай деген: «Тәрбиеге әсер беретін нәрсе өскен орта, ата-ананың тәрбиесі. Соңғысы күшті болмаса, бара-бара әсерлер адамды замандас, жолдастың азғырып не түрлі жаман мінезді жұқтыратыны белгілі. Тәрбиеге туған жұрттың тілі, мінезі, тұрмысы да әсер қылмақ. Қысымшылық көрген жасқыншақ болмақ, ашық көңілді, сауықшыл ел- жұрттың баласы да сондай болмақ».
Мектепте оқудан тыс уақытта оқушының таңдауына сәйкес келетін, олардың қабілеті мен ішкі қажеттілігін қамтамасыз ететін іс-әректтерді ұйымдастыру көзделеді.Соған сай олардың қабілетін ашуға мүмкіндік тұғызатын спорт, дене еңбегі, қолөнер, көркемөнер т.б. іс-әрекетке үйрету үйірмелері мен секциялар ұйымдастырылуда. Әр оқушы кез- келген үйірмелері мен секцияларға, клубқа өз жүрегінің қалауымен қатысып, өзінің жеке басына тән керекті қасиеттерді ұйренуге мүмкіндік алады.
Мектептегі тәрбие жұмысы елдегі барлық қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер, түрлі клубтармен бірлесіп жүргізгенде ғана нәтижелі болатыны белгілі.Өкінішке орай осындай ұйымдар, яғни ақсақалдар кеңесі, ата-аналар комитеті, әйілдер кеңесі т.б. клубтардың жұмысы көзге көрінбей келеді. Егер осы ұйымдардың жұмыстары жанданып отырса, тәрбие жүйесінде елдегі ең жоғары, ең керек ақылшы ұйым ретінде бағаланары сөзсіз.
Тұлғаның «қалыптасуы» деген ұғым педагогика және психология ғылымында, жеке тұлға дамуының нәтижесі дегенді және оның пайда болып, тұтастыққа, бірқалыпты қасиеттерге және сапаларға ие болғанын білдіреді. Демек, қалыптасу дегеніміз — бір нәрсеге форма мен тұрақтылық беру; нақты бір түр беру яғни баланың ата-анасынан немесе ата-бабаларынан қалған биологиялық ерекшеліктердің жиынтығы. Тұлғаның қалыптасуы өте күрделі және ұзақ процесс. Ол қарама-қайшылықтарды шешумен бұл іс-әрекеттегі ересектердің әрекет күштері мен қабілеттерінің заттық формаға ауысуының бірлігі. Егер, педагогикалық процестің түпкі мақсаты адамның тұлға ретінде қалыптасуы болса, онда педагогикалық процестің элементар бірлігі, оның бастапқы абстракция болып «қалыптасудың қас қағым сәті» (педагогикалық ситуация яғни педагогикалық жағдаят) болуы қажет.
Педагогикалық процестің қарапайым «бөлшегі» ретінде қолданылатын «педагогикалық жағдаят» туралы Н.Д.Хмель «… педагогикалық жағдаяттар болмысқа тән алуан түрлілікті білдіреді. Бір қарағанда, жағдаяттарды бірін екіншісінен ажырататын уақыты, орыны, себебі, түрткісі, пайда болу шарттары, қатысушылардың әлеуметтік жас және психофизиологиялық ерекшеліктері, іс-әрекет мазмұны мен амалдары қарым-қатынас сипаты»-деген болатын.
Философиялық еңбектерде жағдаят дегеніміз – байланыстың, қызметтің уақыттық-кеңістік шарттарының субъективтілік және объективтілік бірліктері деп беріліп, тұлғаның әлеуметтік таратушысы, нақты бір мәдениеттің, дамыған даралықтың өкілі ретінде қарастырылады.
Неміс философы К.Ясперс жағдаяттарды а)жалпы және ә)жалқы деп жіктеп, біріншіге әр адамның басынан өтетін куаныш, қайғы, қасіреттерді және т.б. екіншісіне бір ізді есепке алу жолдары жоқ, әр жағдаяттың өзіне тән жұмбақ фактілер жиынын жатқызады.
Д.Магнуссон әртүрлі деңгейдегі жағдаяттарға талдау жасап, талдау бірліктерінің арасындағы нақты шектің жоқтығын көрсете келіп, жағдаяттарды идеологиялық, әлеуметтік, мәдени деп бірнеше типтерге жіктеп, оның бес түрлі факторларын ажыратады:
— оңды және толықтырушы;
— кері тартушы;
— жігерлендіруші;
— әлеуметтік өзара байланыстырушы;
— белгісіздік.
Ғалымдар У.Томас пен Ф.Знанецкий өздерінің еңбектерінде жағдаятты субъект қағидасы арқылы түсінудің қажеттілігін ашып көрсетіп, жағдаят – бұл құндылықтар жиынтығы деп оларды белгілеріне қарай үш типке топтастырады:
а) адамның немесе қоғамның әрекет жасауы үшін қажетті объективті жағдай. Бұл жағдайлар адам мен қоғамның санасына тікелей немесе жанама әсерін тигізуші экономикалық, діни, интеллектуалдық құндылықтар жиыны;
ә) тікелей нақты мінез-құлыққа әсер етуші адамның немесе топтың өзіндік бекімі;
б) қандай да бір дәрежедегі нақты жағдайлар тұжырымы мен бекімдер сезімін көрсетуші жағдаят анықтамасы. Сонымен, жағдаятты шешу біріншіден, фактіні айқындаумен, екіншіден өзіндік бекімнің пайда болуымен, үшіншіден, жағдаяттың не екендігін (мәнін) түсінумен сипатталады.
К.Левин еңбектерінде жағдаят жалпы өмірлік жағдаяттарға да, жеке әп-сәтте болатын жағдаяттарға да қатысты делінген. Осы тұрғыдан алғанда автор жағдаят мәнін нақты бір сәттегі мінез-құлықты сипаттайтын барлық фактілер жинағын «психологиялық өмір кеңістігі» терминін пайдалана отырып ашады.
Көрнекті орыс педагогы Л.С.Выготский баланың әлеуметтік ортадағы даму жағдаяттарын екі түрлі бағытта көрсетеді, Яғни, баланың әр жастағы динамикасының тікелей әлеуметтік жағдаяттарға байланысты екендігі. Әр жас аралығының өзіне тән ерекшелігі, баланың қоршаған ортамен оның шынайылығымен, ең алдымен әлеуметтік ортамен қайталанбас қарым-қатынасы. Бұл қарым-қатынас әлеуметтік даму жағдаяты деп аталады. Әлеуметтік даму жағдаяты әр жас аралығындағы дамуда байқалатын барлық динамикалық өзгерістердің бастапқысы болып саналады.
Әлеуметтік даму жағдаяты — әлеуметтік шынайылықты дамытудың көзі ретінде қарастыра отырып, тұлғалық қасиеттердің жаңа қырларын қалыптастырудың жолы мен формасын, соның ішіндегі әлеуметтік болып саналатын дара жолды анықтайды.
Ал, екінші бағыт тұлғалық қасиеттердің жаңа қырларының шығу тегі. Тұлғалық қасиеттердің жаңа қырлары баланың сана сезімінің қайта құрылуын сипаттаушы алғы шарт түрінде емес, жас аралық дамудың нәтижесі, өнімі болып табылады. Осылайша баланың санасындағы өзгерістер оның жас ерекшелігіне тән әлеуметтік болмысының формасы негізінде пайда болады. Жалпы жағдаят, уақыттың бір сәті емес, ол адам болмысы детерминанттарының жиынтығы, жағдаят ол - мәннің сипаттамасы. Яғни адам санасында із қалдырған жағдаят ол әрқашанда ерекше бір құбылыс, жағдаят арқылы адамның есінде әлемді қабылдауына әсер етуші тұлғалық көзқарасы мен бастан кешкен тәжірибесі көрініс табады.

ата-аналарға арналған кеңестер

 
 
1. Баланың міндетті түрде өздігінен орындайтын жұмыстары болуы қажет. Сіз тек осы жұмыстардың орындалуын қадағалауыңыз керек.

2. Мейлі қаншалықты тиянақты әрі жылдам орындасаңызда, балаға жүктелген жұмыстарды өзіңіз орындауға тырыспаңыз.

3. Балаңызды тыңдауды үйреніңіз.Шыдамды болыңыз, балаңыздың сөзін бөліп, оның ойын өзіңіз аяқтауға тырыспаңыз және баланы асықтырмаңыз.

4. Балаңызға өз көзқарасыңызды тықпаламаңыз. Өзіңіздің нұсқаңыздың дұрыс екенін дәлелдермен түсіндіріңіз.

5. Баланың кез-келген қалауын орындауға асықпаңыз.

6. Балаға өзінің іс әрекетін түсіндіруді үйретіңіз. Яғни бала ең алдымен ойланып содан соң ғана шешім қабылдауды үйрену керек. Ең жақсысы өзі сенімсіздік танытқан мәселелерде ата-анасымен кеңесуге болатынын білуі қажет.
7. Баланы қоршаған әлемді танып білуге дағдылаңыз.

8. Баланың жан-жақты дамуына қолайлы қауіпсіз жағдай жасаңыз.

9. Баланы тым еркелетпеңіз. Онымен өзіңізбен тең дәрежедегі адам ретінде сөйлесіңіз. Есіңізде болсын сіздің сөйлеген сөзіңізді, іс әрекетіңізді балаңыз қайталайды.

10. Балаға өз бетінше жеке басының тазалығын қадағалауды және де әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстау керектігін түсіндіріңіз.

11. Жақсы іс әрекеті үшін сөзбен немесе сыйлықпен мадақтап көтермелеңіз.

12. Бала кішкентайынан бастап ата-анасын, үлкендерді, жақындарын сыйлау керектігін білу тиіс.

13. Ешқашанда баланың икемсіздігін күлкіге айналдырып және де қорқыныштарына күлмеңіз. Қайта керсінше баланың қорқыныштарын бірге шешіп сенімді қарым-қатынас орнатыңыз.

14. Қаншалықты уақытыңыз аз болсада балаңыздың жан-жақты дамуына көңіл бөліңіз. Есіңізде болсын балаңыз сіздің ең басты байлығыңыз.

Категория: Ата-аналарға

 
Назад Вперед