Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

мектеп

Автор: admin от 15-05-2016, 10:04, посмотрело: 541

2
мектеп

Категория: Мектеп

 

Мектеп тарихы

Автор: admin от 15-05-2016, 08:57, посмотрело: 488

4

Мақтарал ауданындағы Мақталы ауылдық округіне қарасты «Ғ.Мұратбаев елді

мекеніндегі «Ғ.Мұратбаев» жалпы орта мектебі мемлекеттік мекемесінің қысқаша тарихы.


 

Осы елді мекенде 1958 жылы бастауыш мектеп болып шаңырақ көтерген «Ғани Мұратбаев»

орта мектебіне биылғы жылы 52 жыл толады.Мектеп ауыл тұрғындарының санына қарай 1958 жылы

бастауыш мектеп болып құрылды.1960 жылы Амангелді Иманов атындағы мектеп интернат болып қайта

шаңырақ көтерді.Бастауыш мектеп кезінде мектеп басшысы болып Айдаров Сарыбай қызмет істеді.

Ол кісі 1961 жылға дейін жұмыс істеді.1961 жылдан 1966 жылға дейін «Амангелді Иманов» атындағы

сегізжылдық мектеп интернат болды.Оның басшысы яғни мектеп директоры болып Бейсенов

Тілеубай деген іскер- педагог қызмет істеді.Әрине мектеп интернат болғаннан кейін алыс жайылымнан

шопандардың балалары келіп оқыды. Оларға әрі тәрбие, әрі білім берген ұлағатты ұстаздар Қарабаев

Қорғанбай ,Мыржыбаев Асан,Өмірбаев Түрдан , Үсенбеков Наубай тағы басқалар сабақтар берді. 1966

жылы Өзбекстан Республикасының Сырдария облыс білім беру бөлімінің өкімімен мектеп орта мектеп

болып қайта құрылды. 1966 жылдың тамыз айынан бастап 2002 жылға дейін мектепті ұлғатты ұстаз

Садирмеков Кеңес басқарды.Мектептің оқу ісінің меңгерушілері болып Қарабаев Қорғанбай, 1969

жылдан 1987 жылға дейін Қолдабаев Көпжасар, 1987-1988 жылға дейін Лаханов Құралбай,1988-2002

жылға дейін Домов Райым, 2002 жылдан осы күнге дейін Орақбаев жұмыс істеп келеді.Мектептің

тәрбие жұмыстары бойынша директордың орынбасары алғашқы жұмыс істеген Үсенбеков Н ол кісі

1966 жылдан 1988 жылға дейін, одан кейін Өтеуов А 1997 жылдан 2002 дейін Орақбаев Б қызмет

атқарды. Орта мектепті алғашқы бітірген оқушылар 11, 9 ер бала 2қыз бала. Одан кейін жыл сайын

20-25 оқушы кәмелеттік аттестат алып еліміздің көркейуіне өз үлестерін қосуда . 1998 жылы мектеп

бітірушілер мен ұстаздар бірлесе отырып осы қара шаңырақтың 40 жылдық тойын атап өтті.Бұл

тойға еліміздің түкпір-түкпірлерінде қызмет атқарып жүрген мектеп түлектері келді. Қазіргі кезде

мектебімізде 595 оқушы өз қазақ тілінде білім алуда.Заман талабына сай оқушыларға білім беруде

жоғары білімді 60 мұғалім жұмыс істеуде. Мектеп ғимараты мектепке арналып салынған ғимарат

емес. Сонда да мұғалімдердің ата-аналардың көмегімен жоқтан бар жасап сынып бөлмелерін

жабдықтап сабақтарда өз дәрежесінде жүргізуде.

Мектепте 2 компьютер сыныбы, 9 пән кабинеттер бар.

Мектепте оқушылар 2 ауысымда білім алады.

Жалпы мектеп ұжымы оқушыларға жан-жақты ұлттық тәрбие және тиянақты білім беру жолында

барлық күш-жігерін жұмсап жұмыс істеуде.

 

Мектеп тарихы

 

 

 

 

Категория: Мектеп